22 желтоқсан 2021 12:33

Әскерге шақырылған қазақстандықтардың суицидке бейімділігі тексерілмек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылғандарға арналған цифрлық профильдік жүйе әзірленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылғандарға арналған цифрлық профильдік жүйе әзірленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте Тұяқовтан Қазақстан әскеріндегі өз-өзіне қол жұмсау санын азайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны сұралды.

Вице-министр бұл жұмысты жергілікті әкімдіктер жүргізуі керек деп есептейді.

"Баламен кішкентай кезінен бастап жұмыс істеу керек. Психологиясын білу керек. Балалар әртүрлі отбасында өскендіктен, тәрбиелерінде өзгешеліктер болады. Сондықтан жұмыстың басым бөлігімен жергілікті атқарушы органдар айналысуы керек", - деді Тұяқов.

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылмай тұрып-ақ суицидпен күресуді жоспарлап отырғанын түсіндірді.

"Қазір әскерге шақырылған адамның цифрлық профилін жасап жатырмыз. Бұл профильде оның қандай спортпен айналысатыны, қандай салаға қызығатыны көрсетіледі. Бала психологиясын тексеру сияқты жұмыстармен жергілікті органдар айналысып, егер де қандай да бір қиындық байқалса, Қарулы Күштерді хабардар ету керек. Сонда бізде суицид жағдайлары болмайды", - деп толықтырды қорғаныс министрінің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети