25 сәуір 2022 10:00

Әскерге шақырылған сарбаздың өлімі, Украинадағы жағдай. Демалыс күндері Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды. Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды. Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты

Бүгін Мемлекет басшысы "Бірге - таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында Президент эковолонтерлермен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты.

Реклама
Реклама

Фото: Akorda.kz

Қордайда әскерге шақырылған сарбаз бірнеше күннен соң қайтыс болды 

Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткенде қайтыс болды. Оқиға Жамбыл облысы Қордайда болған. 22 сәуірде Мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай Гвардейский кентіндегі қалалық типтегі әскери ауруханада қайтыс болды. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының тұрғыны 18 жастағы Әлібек Қалбайдың туыстарының сөзінше, ол 13 сәуірде шақырту алып, ҚР Қорғаныс министрлігінің 30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге барған. Бөлімше Жамбыл облысы Қордай ауылында орналасқан. Туыстары бұл оқиға әділ тергелетініне үміттенеді

Фото: Inaktau.kz

Берік Қамалиев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды

Фото: gov.kz 

Атырау облысында жылқылар неден қырылғаны белгілі болды 

Атырау облысына шаруаларға ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылар арасында ауру диагнозын қою үшін сынама алу мақсатында Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері барды. Зерттеу нәтижесінде жануарларда деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік ауруларын анықтады. Қолда бар деректер бойынша жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі осы диагноздар. Аурумен күресу үшін ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулар мен гельминтоздарды алдын алу және уақтылы емдеуді ұсынады. Эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады. "Бұл - діндарлар үшін үміт пен сенімге толы, ерекше қуанышты күн. Пасха мейрамы жұртшылықты ізгілікті істер жасауға ынталандырады, жақындарына жанашырлықпен қарап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жетелейді. Пасха мейрамы әр шаңырақты шаттыққа толтырып, бақытқа бөлесін!", деді Президент.

Каспий құбыр консорциумында МҚҚ-3 жұмысы қайта жанданды 

2022 жылғы 23 сәуірде КҚК теңіз терминалында жөндеу жүргізілгеннен кейін мұнай құю құрылғысы пайдалануға берілді. 23 сәуірде ауа райының жақсаруы су асты жұмыстарын жүргізуге және су асты құбыр манифольдын ашуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды ауыстырып тиеуді қайта бастауға мүмкіндік берді. Бұған дейін мердігерлік ұйым мен КҚК мамандары танкер көмегімен шығарылатын мұнай құю құрылғысына тазалау жұмыстарын жүзеге асырған еді. Нәтижесінде, зақымдалған түтіктерді ауыстырды, сондай-ақ, барлық жүйені тығыздау және жарамдылығын тексеру бойынша жұмыстарды сәтті жүргізді.

Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңіске жетті 

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон елдегі президент сайлауында жеңіске жетті, оның қарсыласы Марин Ле Пен жеңілгенін мойындады. Жексенбіде елде президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дауыстардың 80 пайызын санағаннан кейін Макрон 54,81 пайыз, Ле Пен 45,19 пайыз дауыс жинады. Бірқатар мемлекет басшысы Макронды жеңісімен құттықтады.

Фото: Reuters 

БҰҰ бас хатшысы Мәскеудегі келіссөздерден кейін Украинаға барады 

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға барады, онда сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездеседі, сонымен қатар президент Владимир Зеленскийдің қабылдауында болады. Гутерриш Украина халқына гуманитарлық көмекті кеңейтуді талқылау үшін БҰҰ агенттіктерінің қызметкерлерімен де кездесуді жоспарлап отыр. 

Фото: РИА Новости

Зеленский Ресеймен келіссөздерден қандай жағдайда бас тартатынын айтты 

Украина президенті Владимир Зеленский Киев метросы "Майдан Незалежности" бекетінде өткен баспасөз мәслихатында Ресеймен келіссөздерден бас тартатын шарттарды атады. Оның айтуынша, оған "кез келген оккупацияланған территорияларда" референдум өткізілсе, қол жеткізуге болады. Зеленский "басынан бастап" Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді талап еткенін, өйткені басқа біреу арқылы ақпарат беру "айтарлықтай нәтиже бермейтінін" айтты. Бұған дейін Зеленский Ресеймен арада болуы мүмкін бейбітшілік келісімін сипаттаған еді. Оның пікірінше, ол екі құжаттан тұруы мүмкін: Украина үшін қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеудің қарым-қатынасы.

Фото: president.gov.ua

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram