24 сәуір 2022 18:24

Каспий құбыр консорциумында МҚҚ-3 жұмысы қайта жанданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/cpcpipe Фото: facebook.com/cpcpipe

КҚК теңіз терминалында мұнай құю құрылғысының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


КҚК теңіз терминалында мұнай құю құрылғысының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының сайтында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 23 сәуірде КҚК теңіз терминалында жөндеу жүргізілгеннен кейін мұнай құю құрылғысы пайдалануға берілді. 23 сәуірде ауа райының жақсаруы су асты жұмыстарын жүргізуге және су асты құбыр манифольдын ашуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды ауыстырып тиеуді қайта бастауға мүмкіндік берді", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін мердігерлік ұйым мен КҚК мамандары танкер көмегімен шығарылатын мұнай құю құрылғысына тазалау жұмыстарын жүзеге асырған еді. Нәтижесінде зақымдалған түтіктерді ауыстырды, сондай-ақ, барлық жүйені тығыздау және жарамдылығын тексеру бойынша жұмыстарды сәтті жүргізді.

"Қазір DELTA Commander танкері мұнай құю құрылғысына қайта жіберіледі, тиеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Мұнай құю құрылғысы-3 штаттық режимде жұмыс істейді", - деп түсіндірілді консорциумда.

Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыр консорциумындағы апат жағдайында Қазақстанда мұнай экспортына қандай баламалар бар екенін әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Лидия Пархомчик айтып берген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети