25 сәуір 2022 08:54

Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макрон жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон елдегі президент сайлауында жеңіске жетті, оның қарсыласы Марин Ле Пен жеңілгенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.


Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон елдегі президент сайлауында жеңіске жетті, оның қарсыласы Марин Ле Пен жеңілгенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Жексенбіде елде президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дауыстардың 80 пайызын санағаннан кейін Макрон 54,81 пайыз, Ле Пен 45,19 пайыз дауыс жинады. Бірқатар мемлекет басшысы Макронды жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Эйфель мұнарасындағы сөзінде оның екінші мерзімі ел үшін тыныш болмайтынын, бірақ ол тарихта қалатынын айтты.

"Алдағы жылдар тыныш болмайды, бірақ тарихта қалады, біз болашақ ұрпақ үшін тарихты бірге жазамыз", - деді ол.

Макрон оның жақтастары тәуелсіз Франция үшін дауыс бергенін айтты. Ол сайлаудың бірінші және екінші кезеңінде "тәуелсіз Франция, күшті Еуропа жобасын жүзеге асыру, инвестициялар мен қайта құрулар арқылы әрқайсы үшін нақты дамуды қамтамасыз етуді жалғастыру, шығармашылық пен жаңашылдыққа жол ашу және Францияны ұлы экологиялық державаға айналдыру" үшін оған сенім білдіргендерге алғысын айтты.

Макрон барлық француздың, соның ішінде Марин Ле Пенге дауыс бергендердің президенті болатынына уәде берді. "Бірден наразылық білдірмеулеріңізді сұраймын, өйткені мен бұдан былай бір лагерьдің кандидаты емес, бәрінің президентімін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети