01 сәуір 2019 15:17

Әскери ұшақтың неден құлауы мүмкін екені аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚК әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатының себебі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ҚК әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатының себебі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов оқиға орнына бірінші болып жеткендердің бірі екенін айтады.

Ол тікұшақтың не себепті құлағаны туралы алдын ала болжамдарды атады. Бұл техниканың істен шығуына, адамдық фактор немесе ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Оның айтуынша, арнайы комиссия тексеру қорытындысын шығарғанда, себептері жарияланады екен.

"Куәгер, шаруа қожалығының иесі былай деді: "Тікұшақ тура менің үстімнен ұшып өтіп, құлады". Сонымен қатар, тікұшақ бөліктерінің жан-жаққа ұшуы экипаждың соңына дейін әуе кемесінің өміршеңдігі үшін күрескенін көрсетеді. Тікұшақты ары қарай алып кетіп, жердің ешқандай зардап шекпеуін, соның ішінде шаруа қожалықтарының бүлінуінен сақтаған. Менің ойымша, біздің жігіттер - батырлар. Барлық 13 адам", - деді Қосанов ОКҚ брифингінде.

Дәурен Қосановтың айтуынша, Ми-8 тікұшағы 1988 жылы шығарылған. Осыған дейін ол Алматыда 405-ші авиа жөндеу зауытында толық жөндеуден өткен. Екі мың сағат немес сегіз жыл ұшқан.

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 тікұшақтарының ұшыру тоқтатылды.

Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети