29 сәуір 2021 15:26

Әскерилер құтқарылған итбалықты теңізге жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/CaspianSealRRC Фото: facebook.com/CaspianSealRRC

ҰҚК жағалау күзетінің қызметкерлері Каспийдегі итбалық төлін құтқарды. Кеше теңіз жануары қалпына келген соң теңізге қайта шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК жағалау күзетінің қызметкерлері Каспийдегі итбалық төлін құтқарды. Кеше теңіз жануары қалпына келген соң теңізге қайта шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 сәуірде Құлалы аралында Каспий теңізіне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген "Pusa caspica" итбалығының төлі шығарылды, ол наурыздың соңында ауыр халде табылған болатын.

Қауқарсыз әрі әлсіз итбалық төлін 2021 жылғы 29 наурызда Баутино кентінде жергілікті тұрғындар тауып алған еді. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған. Оның салмағы 4 келіден сәл артық болатын (қалыпты жағдайда 10-12 келі).

Құтқару жұмыстарын Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионымен бірлесіп "Қалқан" шекара катерінде жүргізді.

Жануарды толық қалпына келтіру Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығында (КИЗОО) өтті, онда барлық қажетті ветеринариялық және оңалту іс-шаралары жүргізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Сонымен қатар, 28 сәуірінде "Бекіре" операциясы шеңберінде тек бір тәулік ішінде шекарашылар браконьер ауынан 6 итбалық пен көп мөлшердегі бекіре тұқымдас балықты табиғи мекендеу ортасына шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети