Астана әкімі қаладағы су тасқынына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі қаладағы су тасқынына қатысты пікір білдірді

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев кәріз жүйесіне қатысты мәселе елорда әкімдігінде атқарылуы тиіс жұмыстардың бірі болатынына уәде берді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Елордада 6 шілдеде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаланың орталық көшелері су астында қалған еді.

"Қала тез дамып жатыр, нөсерлі кәріз жүйесінің күші жетпей жатыр. Сіздер бұл мәселені білесіздер. Кеше, әрине, нормадан көп мөлшерде - 25 минуттың ішінде 8 миллиметр жауын-шашын жауды. Бұл көп мөлшердегі жауын. Бірақ қалалық қызметтегілер оқиға орнына барып, мәселені шешті", - деді Исекешев.

"Әрине, бұл мәселе жүйелі түрде шешілуі керек. Сондықтан біз биыл екі тазартқыш құрылым мен суды ағызатын коллектордың жұмысын аяқтаймыз. Астананың сол жағалауындағы Тұран, Қабанбай батыр көшелерінің су астында қалу жағдайы осылайша шешіледі деп ойлаймыз. Қаланың барлық аумағында осы мәселелерді шешу үшін үш жылға арналған бағдарлама қажет. Барлығы біртіндеп шешіледі. Биылғы алғашқы жобалар жылдың соңына дейін тапсырылады деп ойлаймын. Бір жобаны тапсырдық, екіншісін қыркүйекке дейін тапсырамыз. Меніңше, барлық мәселе қаланың сол жағалауында болып отыр - ол мәселелер шешіледі. Әрине, қала күннен-күнге өсіп жатыр, сондықтан біз осы мәселені шешуге кірісіп жатырмыз", - деді Астана әкімі.

Еске салайық, Елорда күні Астанада жауған бұршақ аралас жаңбыр тұрғындарды таңғалдырған еді. Толассыз жауған жауынның салдарынан кейбір көшелер су астында қалған. Әлеуметтік желі тұрғындары бірден оқиға орнынан суреттерді сала бастады. Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 15.50-де толассыз жауған жаңбыр тоқтады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети