Астана әкімі Facebook желісінде хабарламаларды өзі оқитынын айтты

02 Қараша 2018, 13:37
0
Астана әкімі Facebook желісінде хабарламаларды өзі оқитынын айтты -

Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа Әсет Исекешев секілді әлеуметтік желіде белсенді болатын-болмайтыны жайлы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұлтанов dialog.egov.kz сайтындағы интернет-конференцияда сұраққа жауабында Facebook желісінде бұған дейін қалыптасқан жедел әрекет ету жүйесінің сақталып қана қалмай, одан да күшейтілетінін айтты.

"Мықты кері байланыс орнату - уақыт талабы ғана емес, менің де ұстанымым, әкімдік алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс істейді. Facebook оқимын және қол боста келген барлық хабарламаны қараймын", - деді Сұлтанов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай