24 қараша 2014 17:09

Астана әкімі қар тазарту жұмыстарына риза емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қаладағы қар тазалау жұмыстарының сапасына риза емес. Ол аппарат жиналысында коммуналдық қызмет өкілдеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қаладағы қар тазалау жұмыстарының сапасына риза емес. Ол аппарат жиналысында коммуналдық қызмет өкілдеріне ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Жақсыбеков өткен аптада қар тазарту үшін қосымша жұмыс күші мен техниканы тарта отырып, ауа райының өзгеруіне дайын болуды тапсырған болатын. 

"Қар тазалау тәсілі өзгермеген. Техника бұрын белгіленген маршрут бойынша жүреді. Таңертең кейбір көшелермен жүру мүмкін емес. Жалпы, қар тазалау бойынша мердігерлік ұйымдардың жұмысы қанағаттанарлықсыз", - деді Астана әкімі.

Мұның алдында жол полицейлері жол жиектеріне қойылған машиналардың қар тазалаушы техникаларға кедергі келтіріп жатқанын хабарлаған еді. "Әкімшілік полиция басқармасы автокөлік иелеріне көшенің көлік жүретін бөлігіне машиналарды қойып кетпеуді және қар тазалаушы техникалар жұмысына кедергі келтірмеуді ескертеді", - деп мәлімдеген болатын Астана ІІД ӘПБ айрықша тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникова.

Коммуналдық қызмет өкілдері болса, қар тиісті нормадан көп жауғандықтан, жұмыс көлемін игере алмай жатқанын хабарлады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети