14 наурыз 2014 | 15:56

Астана әкімі зейнеткер айтқан мәселені шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов. ©Аstana-akshamy.kz Иманғали Тасмағамбетов. ©Аstana-akshamy.kz

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов зейнеткер көтерген мәселені шешті деп хабарлайды "Астана ақшамы" газеті. 19 ақпанда Астана әкімінің халыққа есеп беру кездесуі барысында "Интернациональный" алабының тұрғыны, зейнеткер Қожантай Байкенов Тасмағамбетовке тұрғынжай іргесіндегі жылу қазандығының санитарлық-экологиялық ахуалы жайлы мәселені жеткізіп, оны шешуді сұраған еді. Байкеновтің айтуынша, жылу қазан­дығы тұрғынжайдан 50 метрден кем қашық­тықта орна­лас­қан, яғни үй қазан­­дық­тың сани­­­тар­­­лық қорғау айма­ғында тұр. Тұрғынның шағымынан соң қала әкімінің тапсырмасымен қазандықта күл үйіндісіне қоршау орнатылды, ахуалды жақсарту үшін су қыздыру қазан­дық­тары ауыстырылды, енді мұнда тек сұйық отын қолданылатын болды. "Сонымен қатар, барлық қазандықтарға келесі жылыту маусымына дейін шаңнан, газдан тазалау қондырғыларын (циклондар) орнату көзделген", - деп жазады басылым. Бұған қоса, тұрғындардың өтініші бойынша жергілікті әкімдік "Интернациональ­ный" тұрғын алабындағы "Ескен­дiр" кешенінде аула клубын ашты. Мекемеде спорттық жаттығу залдары, электронды кітапхана және ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған үстел ойындары бөлмесі бар. Еске сала кетейік, бұған дейін Семей қаласы тұрғындарының жылу қазандығы түтінінен тұншығып отырғанын хабарлаған едік. Жеке сектор тұрғындары жергілікті биліктен "Ғаббасов" жылу қазандығы мұржасына сүзгі орнатып, атмосфераға таралатын қалдықты азайтуды сұрайды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети