31 қаңтар 2023 16:29

Астана әкімдігі ЖЭО-3-ті он жыл бойы салып бітіре алмай жатыр - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Астана әкімдігі 2023 жылдың соңына дейін ЖЭО-3-ті пайдалануға беріп, газ қазандықтарының құрылысын аяқтау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, әкімдік ЖЭО-3-ті он жылдан астам уақыт бойы пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны тапсыру мерзімі бірнеше рет ауысты, бұл жобаның 50 миллиард теңгеге қымбаттауына әкеп соқты. Бұл мәселе 2019 жылы көтерілген еді, бірақ нысанның дайындығы сол күйі 83 пайызын ғана құрайды", - деді Тоқаев.

Ол осының салдарынан Астана жылу энергиясы тапшылығынан зардап шегіп отырғанын айтты. Бүгінде бұл тапшылық 300 гигакалориядан асқан.

Президент Үкіметке әкімдікпен бірлесіп осы жылдың соңына дейін ЖЭО-3-тің бірінші кезегін іске қосып, екі газ қазандығының құрылысын аяқтауды тапсырды.

"ЖЭО-3 екінші кезегінің мерзімі мен қаржыландыру көздерін де анықтаған жөн", - деді мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети