Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың төленген

14 Тамыз 2017, 09:09
0
Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың төленген -

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында автотұраққа бір тәулік қойылған көлік үшін 57 мың төленген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Паркоматқа қаражат төлеу сәті түсірілген видеоны Instagram желісіне белгілі әнші Қайрат Баекенов жариялады. Кадрларға қарағанда, мұндай қыруар қаражатты көлікті бір тәулік және он сағатқа қойылған көлік үшін төлеу қажет болған. 

"Ұшып келгеннен кейін қызық бір жайт болды. Көлікті әуежай автотұрағына бір тәулікке қойдық. 57 мың теңге. Сұмдық. Астана репост! Бізге Назарбаев атындағы мұндай әуежай қажет емес", - деп жазды ролик авторы. 

Ал осыған дейін бұл әуежай автотұрағының құны тым қымбат екенін "Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры, қазірде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев айтқан болатын. Ол Instagram желісінде Астана әкімі Әсет Исекешевке әуежайдағы автотұрақ құнының шектен тыс қымбат екенін айтып, шағымданды.

"Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы автотұрақ құны тым қымбат. Көлікті жабық паркингке қойса, тәулігіне 2000 теңге, орынды сома. Алайда әуежай алаңындағы ашық аспан астында көлік қалдырса бірінші екі сағат 400 теңгеден де, келесі әрбір сағаты үшін 1500 теңге төлеу қажет. Бұдан шығатыны тәулігіне 33 400 теңге төлейсіз. Я бағдарлама дұрыс ойластырылмаған, я бұл халыққа арналмаған. Себебі келесі тәуліктерде алдыңғыдай емес, әрбір келесі сағаты үшін 2500 теңге тарифі бойынша", - деп жазды Сәпиев. 

Ол бұл шараның заңсыз тасымалдаушы такси жүргізушілеріне қарсы ойластырылған болуы мүмкін екенін болжады. 

"Алайда, біріншіден, олар көліктерді бірнеше тәулікке қалдырмайды, әуежай мен қала арасында қатынап жүреді. Екіншіден, кез келген адам олардың азаймағанын растап береді. Әкімдіктен және әуежай басшылығынан бағаны реттеуді сұраймын. Әсет Орынтайұлы, Сіз бұл мәселеден хабардарсыз ба?", - деп сұрады депутат елорда әкімінен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай