Астана әуежайына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайының ғимаратына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының ғимаратына Nursultan Nazarbayev жазуы орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, мұндай жазу терминалға кірер басты жолда да орнатылуы тиіс.

Айта кетейік, 24 маусымда Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілетіні белгілі болған еді.  "1. Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып қайта аталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев", - делінген еді қаулыда.

Ал кейінірек Мемлекет басшысы Астана әуежайының Нұрсұлтан Назарбаев аталуына қатысты пікір білдірген болатын. "Бұл менің бастамам емес. Мен бұған үнемі қарсы болатынмын. Халық маған баға беріп, осылай бағалап жатқан шығар.Олардың атқарылған жұмыстарды көріп отырғандары үшін алғыс айтамын. Кез келген саясаткер, кез келген елдің көшбасшысы тарихта өзінің атқарған жұмыстарымен есте сақталуы тиіс", - деген еді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети