04 қыркүйек 2015 12:43

Астана автобустарында билетсіз жүргендерді ұстаудың жаңа жүйесі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© adi19.ru © adi19.ru

Астана автобустарында билетсіз жүргендерді ұстаудың жаңа жүйесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін жолаушылар тасымалы саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін талқылау барысында мәлім болды.


Астана автобустарында билетсіз жүргендерді ұстаудың жаңа жүйесі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін жолаушылар тасымалы саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін талқылау барысында мәлім болды.

"Қазіргі таңда Астанада көлік бақылау қызметі заңды түрде құрылды. Біз оны дайындап жатырмыз, желіге шығады деп жоспарлап отырмыз. Олар керек-жарақпен толық жабдықталады, нысанды киімдері болады. Олар көзге бірден түседі, адамдар да олардың көлік бақылау қызметінен екендерін түсінеді. Олар тасымалдаушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, жолаушыларды да тексереді", - деді "Астана LRT" ЖШС жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Бейбіт Есжанов.

Есжановтың айтуынша, көліктік бақылау қызметінің жолаушылар көлігі желісінде тексеру жүргізуге қатысты құқықтары заңмен толық бекітілді. Ол бақылаушылардың қалай жұмыс істейтіндерін айтып берді.

"Олар автобусқа кіріп, тексерудің жүретінін ескертеді және билетті көрсетуді сұрайды. Бұл төлемнің электронды жүйесі іске қосылғанға дейінгі бірінші кезеңі. Кейін бақылаушыларда жолақысы төленгенін немесе төленбегенін анықтайтын құрылғы болады. Егер жолаушы жолақысын төлемесе оның айыппұлды төлеуіне тура келеді, оның нақты мөлшері кейін хабарланады. Билетсіз жүріп ұсталып қалдың ба, мархаббат айыппұл төле", - деді Есжанов.

Оның айтуынша, егер жолаушы айыппұлды төлемесе, олар арнайы байланыс арқылы әкімшілік полиция өкілдерін шақырады, олар әкімшілік айыппұл салуға құқылы.

Есжановтың мәлімдеуінше, әкімшілік кодекске қоғамдық көлікте билетсіз жүрген жолаушыларды жазалау жөнінде норма енгізілді. "Бұрын мұндай жауапкершілік болмаған еді. Заңда "жолақысын төлеу міндетті" деген сілтеме болды, алайда талап бұзушылық санкциясы болмады. Енді 2 АЕК көлеміндегі айыппұл қарастырылып отыр", - деді Есжанов.

"Астана LRT" компаниясының мәліметінше, Астанада биыл қазан айында жаңа 57 жолаушылар автобусы желіге қосылады. Келесі жылы шамамен еуропалық 250 автобус беріледі. 2017 жылға қарай елордада тағы 350 автобус жолға шығады. Билік ол уақытқа дейін қалалық қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесі толық шешіледі деп сөз беріп отыр.

Сонымен қатар, компания өкілдері автобус жүргізушілері мен кондукторларына арналған киімнің жаңа үлгісінің жасалғанын айтты. Ол осы күзде бекітіледі деп күтіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети