02 ақпан 2017 13:32

"Астана ЭКСПО-2017" өкілдері билеттерді мәжбүрлеп сатып алғызып жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ өкілерді билеттерді сатып алғызып жатыр деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ өкілерді билеттерді сатып алғызып жатыр деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сондай-ақ, осыған ұқсас EXPO көрмесіне ақша жинап жатыр деген қауесеттер таралған болатын. Ол жайлы естеріңізде бар шығар. Біз осындай қауесеттер жайлы біліп отыру үшін арнайы желі аштық. Сонда EXPO көрмесіне ақша жинап жатыр делінген деректерді хабарлап отыруларын сұраған болатынбыз. Бірақ бұл туралы бізге ешкім айтқан жоқ, хабарлама келген жоқ. Ал арнайы желі әлі де жұмыс істеп жатыр", - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

"Осындай деректер болатын болса, бізге хабарласуға немесе электрондық хат жолдауға болады. Әр мәселемен айналысатын боламыз. Келіп түскен кез келген деректі қарастырамыз. Бірақ мен сонда да EXPO-да осыған ұқсас жағдай болады деп ойлаймын", - деді Сергей Куянов.

Сондай-ақ, "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев EXPO-ға ақша жинап жатыр деген қауесеттерді естімегенін айтты.

"Шынымды айтсам, мен билеттерді сатып алғызып жатыр деген қауесеттер жайлы білмеймін. Қазір билеттер сатылымға шықты, бірақ оларды халыққа сатып алғызып жатыр дегенді естімеппін", - деді Еркінбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети