23 қараша 2022 14:36

Астана емханаларына 50 жаңа көлік берілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Автопаркке шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т.б. шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлік қосылған.

Биылғы қыркүйектің басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден аса автокөлікпен толықтырылды, делінген хабарламада.

Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылған, 40 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында), жыл аяғына дейін тағы 10 "Үй жанындағы дәрігер" нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

Астана әкімдігі сайтынан

Астанада перзентханалардың, "Жағалау-3" амбулаториялық-емханалық кешендерінің және "Нұрлы жол" вокзалы ауданында, Көктал-1 ЖМ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, Тельман, Пригородный және т.б. құрылысы жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети