"Астана" - "Галатасарай" матчы бойынша сценарий жазуға болады - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Галатасарай" матчы бойынша сценарий жазуға болады - Мұхамедиұлы © Тұрар Қазанғапов

"Астана" - "Галатасарай" матчы бойынша сценарий жазуға болады, - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ол ойын кезінде "Астана Арена" стадионында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Галатасарай" матчы бойынша сценарий жазуға болады, - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ол ойын кезінде "Астана Арена" стадионында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Керемет матч, расымен де бұл матч туралы сценарий жазуға болады. Сонымен қатар, біз ойыншыларымыздың үздік футбол клубымен лайықты деңгейде ойнауын армандаған кезде, 30 мың келуші мен миллиондаған көрерменнің айрандай ұйығаны өте қуантты. Біз кеше куәгер болдық, тіпті жеңуіміз де мүмкін еді", - деп әсерін бөлісті Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың қазір бақытты заманда өмір сүріп жатқандарын айта кетті. "Біз Қазақстаннның танымал ғана емес, құрметті ел болуын армандаған бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл жерде де Мемлекет басшысының Қазақстан жоғары дамыған елдердің тізіміне кіруі тиіс деген идеясы бар. Бұл қазір біздің қолымызда бар айғақ", - деді министр.

Еске сала кетейік, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольский ойынның антиқаһарманы аталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети