Астана кинотеатрының буфетінде соққыға жығылған Меруерт Керімбердиева жұмысынан шығып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Kinopark Multiplex Cinemas хабарлады.
Астана кинотеатрының буфетінде соққыға жығылған Меруерт Керімбердиева жұмысынан шығып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Kinopark Multiplex Cinemas хабарлады.
"2015 жылдың 1 қазанынан бастап қызметкер өз қалауы бойынша жұмыстан кетті. Тергеу барысы мен тараптардың татуласқаны туралы бідің хабарымыз жоқ", - деп хабарлады Kinopark өкілдері.
Компания жәбірленуші қыздың құқығын қорғау мақсатында адвокат жалдағаны белгілі. "Адвокат сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушінің өтініші бойынша оның құқығын қорғады. Қорғаушы сотқа дейінгі тергеу кезінде қызметкердің өз арызын қайтарып алғанын және адвокаттың қызметінен бас тартқанын мәлімдеді", - деп хабарланды.
Еске сала кетейік, Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда белгісіз біреудің шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген. Бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдіктінің Турагелдиев екені анықталды. Ол айтарлықтай себебі болмаса да жәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салған, кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, 18 қыркүйекте Турагелдиевтің кепіл арқылы босап шыққаны белгілі болды және оның әкесі Болат Турагелдиевтің Қазақстан премьер-министрінің кеңсесіндегі қызметінен кету туралы арыз бергені анықталды. Ал кеше, 16 қазанда Астана кинотеатрының буфетінде соққыға жығылған қызға қатысты істің екі тараптың ымыраға келуімен аяқталғаны белгілі боолды.