16 қазан 2015 12:28

Астанада кассир қызды тепкен Турагелдиевтің ісі жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадрлар Видеодан алынған кадрлар

Астана кинотеатрының буфетінде соққыға жығылған қызға қатысты іс екі тараптың ымыраға келуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана кинотеатрының буфетінде соққыға жығылған қызға қатысты іс екі тараптың ымыраға келуімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана ішкі істер департаменті Қуаныш Турагелдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеудің ҚР ҚК 68-бабына сәйкес, екі тараптың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылғанын хабарлайды", - деді баспасөз қызметіндегілер. Бұған дейін 22 жастағы жігітке қатысты "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған болатын.

Еске сала кетейік, Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда белгісіз біреудің шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген. Бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдіктінің Турагелдиев екені анықталды. Ол айтарлықтай себебі болмаса да жәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салған, кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, 18 қыркүйекте Турагелдиевтің кепіл арқылы босап шыққаны белгілі болды және оның әкесі Болат Турагелдиевтің Қазақстан премьер-министрінің кеңсесіндегі қызметінен кету туралы арыз бергені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети