18 ақпан 2019 12:15

Астана мектептерінде сабақ болмайды

Бүгін Астанада екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, 18 ақпанда ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Теміртау қаласында 0-11 сынып оқушылары да бүгін сабаққа бармайды. 

Айта кетейік, таяуда 112 құтқару қызметі 18-20 ақпанда Астана мен Ақмола облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді деп хабарлаған еді. Сондай-ақ, білім басқармасының өкілдері Астанада нашар көріну мен боран соғатынын мәлімдеді. 

Синоптиктер 2019 жылдың 19-21 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Қазақстаннан бір циклон кетпей тұрып, Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан атмосфералық фронттары арқылы республиканың көптеген облыстарында алдағы 3 тәуліктегі ауа райын анықтайтын келесі циклон асығуда. Сондықтан Қазақстанның басым бөліктерінде қар, боран, екпінді күшті жел, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста сулы қар, кей жерлерде қатты, тұман және көктайғақ күтіледі. Мамандардың айтуынша ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары сақталады екен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram