Астана мен Алматыда аптап: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда аптап: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото © Tengrinews.kz

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 22, 23 және 24 маусымда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы ауа райы болжамы

22 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

23 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы түнде секундына 5-10, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

24 маусымда күн райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

22 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.

23 маусымда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

24 маусымда күн райы құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +25
Ақтау +26
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +19
П
Павлодар +22
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +27
Тараз +32
Түркістан +28
О
Орал +22
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер