09 сәуір 2014 11:56

Астана оқушылары мектеп асханасынан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото РИА Фото РИА

Астанадағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары асхана тамағынан уланып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап. 


Астанадағы №3 мектеп-гимназиясының оқушылары асхана тамағынан уланып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап. 

Департамент басшысы Майра Жүсіпованың сөзіне қарағанда, кеше қаланың жедел медициналық жәрдем қызметі №3 мектеп-гимназиясында бір баланың уланып қалғанын хабарлаған. "Алайда біз оқиға орнына барған кезде, бір баланың емес, 9-дан астам баланың уланып қалғанын анықтадық. Олардың барлығы - 9-10 жастағы 3-сынып оқушылары", - дейді ол. 

Қазіргі ақпаратқа сәйкес, балалар ірімшіктен улануы мүмкін. Алайда департамент тергеу шараларын әлі өткізген жоқ. "Біз мектеп ғимаратына кіре алмаймыз. Себебі қазіргі заңнамаға сәйкес, біздің тарапымыздан тексеріс тек бас прокуратураның рұқсаты негізінде ғана өткізіледі. Бүгінде біз балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Олардан нені және қашан жегендерін сұрап жатырмыз. Ал бас прокуратура рұқсат берсе, біз нақты қай өнімнің сапасыз болғанын анықтай аламыз", - деп атап көрсетті департамент басшысы. Қазіргі кезде балалардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Оларды ауруханаға жатқызған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети