Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана оқушыларының психологиялық орнықтылығы тексеріледі

19 Қыркүйек 2014, 11:55
0
©astana.gov.kz
©astana.gov.kz

Астанада оқушылардың психологиялық орнықтылығы тексерілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Білім басқармасы жоғарғы сынып оқушылары үшін қыркүйек-қазан айларына түрлі сабақтар, зерттеулер, тесттер мен ойындар әзірледі. Қала мектептерінде 13-14 жастағы жасөспірімдердің ауызбіршілігін нығайту үшін және өзара адами қарым-қатынастар туралы ұғымдарын дамыту мақсатында психологиялық дәрістер өткізіледі.

Сонымен бірге, 9-11 сынып оқушылары үшін түрлі жанжал жағдайлары бойынша роль ойындары өткізіледі, олардың мақсаты - психологиялық жайлылықты қалыптастыру, қорқыныш пен сенімсіздіктің психикалық кедергілерін болдырмау, оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастарды анықтау үшін социометриялық зерттеулер жүргізу және тағы басқа. "Бұл балаларға сапалы, толық диагностика жүргізуге және кәмелетке толмағандардың барлық девиация формаларын анықтауға мүмкіндік береді", - делінген сайтта.

Адамгершілік тәрбие беру сабақтары аясында мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларға, сынып жетекшілеріне арналған "Қазіргі заманда рухани-адамгершілік тәрбие берудің басымдықтары", "Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі оқытушының рөлі" тақырыптарында оқыту семинарлары ұйымдастырылады.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Құқықтық оқытуды" өткізудің ведомствоаралық кестесі әзірленді. Шара аясында дәрістер оқу, спорттық-мәдени шаралар, тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, оқушыларға көшпелі практикалық семинарлар, экскурсиялар ұйымдастырылады.

Қыркүйек-қазан айларында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, "Балаларға лайықты тәрбие бермегені үшін әкімшілік жаза" және "Отбасында толеранттылықты тәрбиелеу" тақырыптарында ата-аналарға арналған тренинг өткізіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай