13 қараша 2014 19:52

"Астана Операға" жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төлеубек Әлпиев. Фото astanaopera.kz сайтынан алынды Төлеубек Әлпиев. Фото astanaopera.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды. Оның орнына Төлеубек Әлпиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Төлеубек Әлпиев – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері. Мәскеу консерваториясы жанындағы Чайковский атындағы музыкалық училищеде оқыған және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алған.

Еңбек жолына келсек, "Қазақконцертте" жұмыс істеп, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда директор қызметін атқарған. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік комитетінің мәдени істері жөніндегі төрағасының орынбасары болып еңбек еткен. Астанадағы Бәйсейітова атындағы опера және балет театрын басқарған. 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін  "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары міндетін атқарып келді.
 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети