10 маусым 2016 16:50

Астана орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің болжамынша, кептеліске Достық көшесінің жабылуы себеп болған.

Айта кетейік, Астанада асфальтбетонды жолды қалпына келтіру мақсатында 9-12 маусым аралығында көшенің жабылатыны хабарланған еді. Көшедегі жол қозғалысы Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін шектелген.


Куәгер жолдаған сурет

"Мен бұл ауданда 30 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қабанбай батыр көшесінде - "ҚазМұнайГаз" көпірінен Сығанақ көшесіне дейін кептеліс. Күнде осы маңайда жүретін жол қызметкерлері бүгін жоқ. Бүгін жұма болғандықтан адамдар мешітке ағылып жатыр. Көшеде кептеліс, тұрақтардың барлығы бос емес", - деді куәгер.


Куәгер жолдаған сурет

Оның айтуынша, көліктер Asia Park арқылы айналып өтуге тырысып жатыр. "Ал онда ары қарай шығып кете алмайтыны туралы ақпарат жоқ. Ол жақта да қазір кептеліс", - деді ол.

Астана ІІД өкілдері қала тұрғындарына жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Сонымен қатар, олар бұл аймақта жол полицияларының қозғалысты реттеумен айналысып жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети