Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана полицейлері "ЭКСПО-2017" территориясын электрмобильдермен және сегвейлермен күзетеді

20 Қыркүйек 2016, 17:52
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астана полицейлері "ЭКСПО-2017" территориясын электрмобильдер мен сегвейлермен күзетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жол-патрульдік полиция полкінің штаб басшысы Қуаныш Еркінов мәлімдеді.

Қуаныш Еркіновтің айтуынша, қазіргі кезде екі сегвей бар, олардың көмегімен полицейлер Астананың Орталық саябағын күзетіп жүр екен.

"Осы жылы күзету үшін электрмобильдер мен скутерлер қосылды. Сонымен қатар, жазғы уақытта Есіл өзенінің бойымен катер жұмылдырылды. Осы құрылғылардың қолданысы арқылы біраз өзгешеліктер бар, адамдар тәртіпке бағынады. Бұрындары қоғамдық орындарда заң бұзушылықтар көп болатын, ал қазіргі кезде біршама азайған. Бұл электрмобильдер саябақтардың маңында қозғалатын болады", - деді Қуаныш Еркінов.


© Тұрар Қазанғапов

Қуаныш Еркіновтің айтуынша, халықаралық EXPO-2017 көрмесінің аумағын электрмобильдер мен сегвейлер күзететін болады.

"Электромобиль енді іске қосылды. Ол Орталық саябақты күзетуге жұмылдырылды. Келесі жылы көбірек қосуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты "ЭКСПО-2017" территориясын күзетуде электромобильдер мен скутерлер жұмылдырылады", - деді Қуаныш Еркінов.


© Астана ІІД баспасөз қызметі


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай