04 қараша 2015 | 12:58

Астана соты "Керуен" орталығы маңында кәсіпкерге оқ жаудырғандарға жаза кесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сот Астанадағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығы маңында кәсіпкерге оқ жаудырғандарға жаза кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сот Астанадағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығы маңында кәсіпкерге оқ жаудырғандарға жаза кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот айыпталушы үш адамды ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлімі - "Кісі өлтіруге оқталу", ҚР ҚК 96-бап, 2-тармақ - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру" баптары бойынша айыпты деп тапты.

"Қылмысты ұйымдастырушы Садыров М. 14 жылға, орындаушы Ибишев К. және Дәуітов И. 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейді", - деді судья Ербол Рахымбеков.

Қылмысқа тапсырыс берді делінген күдіктінің үстінен алдын ала тергеу өндірісі тағайындалды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

"Жәбірленушінің қашып кетуіне байланысты олар ойлағандарын толығымен іске асыра алмады", - деп жазылған соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 26 қаңтарында "Керуен" сауда - ойын-сауық орталығы маңында белгісіз біреулердің травматикалық тапаншадан бірнеше рет оқ атып, Алматы қаласының 36 жастағы азаматына дене жарақаттарын салғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети