Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 310.57
EUR / KZT - 348.58
CNY / KZT - 45.23
RUB / KZT - 5.52

Астанада кәсіпкерге оқ атқан Өзбекстан азаматтары ұсталды

28 Қаңтар 2014, 13:33
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Астана полицейлері Өзбекстанның екі азаматын ұстады, оларға "Керуен" сауда - ойын-сауық орталығы маңында атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасады деген күдік келіп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс "Керуен" орталығы маңында қаңтардың 26-сы күні болды. "26 қаңтар күні департаменттің Жедел басқару орталығына белгісіз біреулердің травматикалық тапаншаны қолданып, Алматы қаласының 1979 жылы туған тұрғыны Мұқажановқа дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түсті. Ол азамат жарақаттанғаннан кейін медициналық мекемелерге көрінбеген", - делінген ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Атыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдік бойынша екі адам ұсталды, оның бірі бұрын Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Қолға түскен адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді департамент мамандары.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада бетперде киген белгісіз екі адам 34 жастағы ер адамға оқ атқан болатын. Олар атқан 10-ға жуық оқтың үшеуі жәбірленушінің басына тиген. Жәбірленуші алматылық кәсіпкер Олжас Мұқажанов болып шықты. Оның сөзіне қарағанда, қарулы адамдар мұны басқа біреумен шатастырып алғанға ұқсайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай