06 қазан 2014 13:02

Астана тасымалдаушылары өз пайдасын көздеген кондукторларға қарсы жаңа әдіс ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Астана тасымалдаушылары егер жолаушыларға жол жүру билеті берілмесе, онда олар автобустарда тегін жүреді деген ерекше акция бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Астана тасымалдаушылары егер жолаушыларға жол жүру билеті берілмесе, онда олар автобустарда тегін жүреді деген ерекше акция бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Елордалық тасымалдаушылар ерекше акция ұйымдастыруды қолға алды. Барлық қалалық жолаушылар автобустарында "Кондуктор билет бермеді ме? Онда тегін жол жүресің" деп жазылған плакаттар болады. Акция кондуктор билет бермеген жағдайда, жолаушыға тегін жол жүруге болатынын жеткізеді", - делінген хабарламада. 

Бақылау-желілік қызметінің кезекті тексеруі барысында жауапкершілік кондукторға ғана жүктеледі. Шара өз пайдасын көздеген кондукторлармен жұмыс істеуде оң нәтиже беріп, жалпы жолаушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді, дейді тасымалдаушылар.

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, Астана халқының жартысына жуығы қоғамдық көліктермен жүреді. Күн сайын тасымалдау сапасын арттыру және кондукторлардың жұмысын бақылау мақсатында бағытты автобустарды бақылау-желілік қызметі тексереді. Мамандар үшін кондукторлардың міндеттерін адал орындауы және жолақысын алып, билет бермеу жағдайларына жол бермеу аса маңызды.

Кондуктордың билетсіз жолақы алуы автопарктердің бюджетіне кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан кірістің төмендеуі, салық салу базасының азаюы және т.б. мәселелерге жол беріледі. Ал тасымалдаушылар әлеуетті табысын толық алмайды, деп қорытындыланған әкімдіктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети