20 мамыр 2024 | 09:57

Астана тұрғындары жоқ көліктер үшін миллиондаған ақша берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкентттің 23-26 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады. Олар алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана ПД мәліметінше, автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген.

"Полиция олардың осыған ұқсас 20 оқиғаға қатысы барын анықтады. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңге болған. Ұсталғандар кінәсін мойындап, Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Олардың елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети