Астана тұрғындары TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com / jypix Фото:depositphotos.com / jypix

Астанада кінәлі тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада кінәлі тұлғалар TikTok әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша, 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде жалпы сомасы 34 миллион теңгеден астам табыс тауып "Зарик" атты құмар ойын өткізді.

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды.

Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді. Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer