05 тамыз 2016 09:46

Астана тұрғындарын антитеррористік жаттығулардың өтуіне байланысты дүрлікпеуге шақырамыз - елордалық ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

Құқық қорғау органдары Астанада антитеррористік жаттығулардың өтіп жатқанына байланысты тұрғындардан тыныштық сақтап, дүрлікпеуді сұрап отыр. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Құқық қорғау органдары Астанада антитеррористік жаттығулардың өтіп жатқанына байланысты тұрғындардан тыныштық сақтап, дүрлікпеуді сұрап отыр. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін, 2016 жылдың 5 тамызында Астананың Күмісбеков көшесі, 5А бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасының территориясында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша антитеррористік жаттығулар өтіп жатыр. Шараның мақсаты - терроризммен күрес жөніндегі елордалық жедел штабтың алдына қойылған міндеттерді орындауға күші мен құралдарының дайындығын тексеру. Жаттығу түрлі күрделі элементтерімен қарулы жағдайларға барынша теңестірілген. Елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырамыз және дүрлікпеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше антитеррористік жаттығулардың өтуіне байланысты алматылықтардан да дүрлікпей, сабыр сақтау сұралған болатын. Биыл 4 тамызда алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб "Универсиада-2017" нысандарының негізінде "Тамыз-Антитеррор-2016" жоспарлы антитеррористік шаралары өткізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети