Елорда тұрғыны әйелге ақша аудару үшін оның банктік деректемелерін пайдаланғаны үшін айыппұл арқалады. Бастапқыда бұл жағдай қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны әйелге ақша аудару үшін оның банктік деректемелерін пайдаланғаны үшін айыппұл арқалады. Бастапқыда бұл жағдай қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Астана тұрғыны өкілдік шығындарды өндіру туралы сот шешімін орындау мақсатында жәбірленушіге ақша аударған. Ол үшін ер адам оның банктік деректемелерін қолданған. Алайда кейіннен бұл деректемелерді алу қылмыстық құқықбұзушылық ретінде бағаланды.
"Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар ер адамды дербес деректерді заңсыз жинағаны үшін кінәлі деп танып, айыппұл салды", - деп хабарлады қадағалау органы.
Кассациялық сатыда прокурор ер адамның іс-әрекетінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті белгісі – жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру дерегі жоқ екенін атап өтті.
Кассациялық сот прокурордың қорытындысымен келісіп, банктік деректемелердің дербес деректерге жататынын, бірақ олардың өздігінен жеке өмір туралы мәліметтер емес екенін, сондай-ақ жеке немесе отбасылық құпияны құрамайтынын анықтады.
Сонымен қатар жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгені дәлелденбеді. Керісінше, ер адам сот актілерін орындау мақсатында оған ақша аудару үшін деректемелерді пайдаланған.
"Нәтижесінде кассациялық сот қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатып, сот актілерінің күшін жойды", - деп атап өтті Бас прокуратура.