14 ақпан 2014 15:39

Астанада 1160 ауған жауынгеріне көмек көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толатын күн қарсаңында Астанада 1160 адамға материалдық көмек көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес, Ауғанстаннан Кеңес Одағының шектеулі әскери контингентін шығару күніне (15 ақпан) орай Ауғанстан соғысында әскери іс-қимылдарға қатысқан 1160 адамға 3000 теңгеден бір реттік материалдық көмек көрсетілді", - делінген қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарламасында. Басқарманың хабарлауынша, Ауғанстан соғысының ардагерлеріне ай сайын ақшалай қаражат түрінде коммуналдық және басқа да шығындарды төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі, сонымен бірге, дәрі-дәрмек алу, тіс протездеу бойынша медициналық қызмет алу, қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде тегін жол жүру, шипажайлар мен курорттарда емделу, мерекелік және айтулы күндерге орай бір реттік ақшалай төлемдер алу құқығы беріледі. Еске сала кетейік, 1989 жылдың 15 ақпаны Кеңес әскерінің Ауғанстаннан түпкілікті шығарылған күні саналады. Биыл бұл күнге 25 жыл толып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети