17 ақпан 2018 10:26

Астанада 200 бөлке нан тегін таратылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 200 бөлке нан тегін таратылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты


Астанада 200 бөлке нан тегін таратылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде Астанада көмекке мұқтаж азаматтарды тегін түрде азық-түлікпен қамту бойынша қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр.

"Әр апта сайын ұйымдастырушылар "Шапағат" коммуналды базарында, Жеңіс даңғылы, 55, Есенберлин көшесі 2\1 және Мұстафин көшесі, 13 мекенжайлары бойынша орналасқан "5 минут" супермаркеттер желісінің үш дүкенінде 120-200 бөлке нанды таратады. Аталмыш акция халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, "Қайырымдылық. Доброта" жобасы жүзеге асты. "Көктал" бөлшектердің әмбебап базары ауданында (Көктал, 18) әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін арнайы бутик ашылды. Бутикте бағалар деген мүлде жоқ. Әлеуметтік жобаның бастамашысы - "Астана-Қамқор" ЖШС директоры Тимур Оразақов. Азаматтар өз қалауымен арнайы бутикке киім-кешектерді, аяқ киімдерді, ойыншықтар мен кітаптарды әкеле алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети