Астанада QSI мектебінің мұғалімі балаларға әдепсіз қылық көрсеткен соң жұмыстан шығарылды

07 Қараша, 14:38
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада халықаралық QSI (Quality Schools International) мектебінің өкілдері мұғалімге қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептегілердің айтуынша, таяуда Алматыға спорттық сапар барысында Астанадағы халықаралық QSI мектебінің мұғалімі өзін ерсі ұстап, біліксіздігін көрсеткен.

"Балаларды қорғау мақсатында жедел түрде тергеу басталды. Оқытушының әрекеті криминалдық сипатта болмағанына қарамастан, оның әрекеті келісімшартқа және QSI мұғалімдерінің әдеп кодексіне қайшы келеді. Мұғаліммен жасалған еңбек келісімшарты бірден тоқтатылды", - деп хабарлады мектептегілер.

Сондай-ақ, мұғалімнің Астанаға кетіп, кейін 24 сағат ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кеткені айтылады. Осы оқиғаның басқа да мән-жайы жергілікті билік өкілдеріне жолданды.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай