"Әбу-Даби Плаза" кешенінде шыққан өртке байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында нысанның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ЖШС қызметкерлерінен жауап алынып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

"Қозғалған қылмыстық іс аясында 2010 жылдың 28 маусымынан бері қолданыстығы ҚР №295-IV заңына сәйкес нысанды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ететін "Ника СтройСервис" ЖШС инженері мен құрылыс компаниясының қызметкерлерінен жауап алынады", - деді Иманқұлов.
ТЖК өкілі жаңадан салынып жатқан ғимараттарды тексеру бойынша өртті мемлекеттік бақылау функциясының жоқ екенін айтты.
Еске салайық, Abu Dabi Plaza кешеніндегі корпустардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама бүгін сағат 04.40-та түскені белгілі. Он минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жетті. Жеке құрамнан 40 адам ғимарат ішіндегі өртті сөндірді. 120 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 10.44-те сөндіріліп бітті.