21 сәуір 2023 09:20

Астанада Абылай хан даңғылы бойындағы Bus Lane арқылы көліктердің жүру уақыты өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 22 сәуірден бастап Абылай хан даңғылының бойындағы – Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақпен автокөліктердің жүру уақыты өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады. Сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге Bus Lane арқылы жүруге рұқсат етіледі.

Әкімдік мәліметінше, инновация қала ішіндегі автомобиль ағынын тиімді құру үшін, сондай-ақ қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тест режимде енгізіліп жатыр.

"Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан сақ болуы және өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауы қажет", - делінінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети