Астанада адамды қағып өлтірген BMW X5 жүргізушісіне шартты жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада адамды қағып өлтірген BMW X5 жүргізушісіне шартты жаза кесілді Иллюстрация © Тengrinews.kz

Астанада адамды қағып өлтірген BMW X5 автокөлігінің жүргізішісіне шартты жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада адамды қағып өлтірген BMW X5 автокөлігінің жүргізішісіне шартты жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Есіл аудандық №2 сотында ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі мен 347-бабы - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша айып тағылған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

14 шілдеде Астанадағы мешіттің маңында үш автомобильдің қатысуымен жол апаты болған еді. BMW маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан жүргізуші Достық даңғылымен Сауран көшесіне қарай бағыт алып, бағыттас келе жатқан ВАЗ 2114 маркалы көлікпен соқтығысты. ВАЗ 2114 көлігі соққыдан қарсы бағыттағы жолға шығып кетті, ол жақта қарсы бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан ВАЗ 2114 маркалы автомашинаның 21 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ал BMW X5 жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.

"Айыпталушы жол апатынан кейін зардап шеккен азаматқа көмек көрсетпестен, болған жағдайды ішкі істер органдарына хабарламастан оқиға орнынан бой тасалаған", - деді соттағылар.

Сот отырысында BMW X5 жүргізушісі кінәсін толық мойындады. Зардап шеккен тарап жол апатына кінәлі азаматтың моральдық шығынды толық өтегенін айтты және олардың айыпталушыға қатысты шағымдары жоқ, олар оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушыға 2 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығынан, ҚР ҚК 63-бабындағы нормаған сәйкес 3 жылға көлік жүргізу құқығынан шартты түрде айыру жазасы кесілді", - деді соттағылар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети