Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанадағы мешіттің маңында болған жол апаты: BMW X5 жүргізушісіне іздеу жарияланды

28 Шілде 2015, 19:10
0
© Астана ІІД
© Астана ІІД

14 шілдеде Астанада адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасының себепкері, BMW маркалы автомобильдің жүргізушісіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 14 шілдеде сағат 22.00 шамасында Достық даңғылымен Сауран көшесіне қарай бет алған BMW X5 өзімен бағыттас ВАЗ-2114 автомобилімен соқтығысқан.

"Соққы салдарынан ВАЗ 2114 маркалы автомашинаның 21 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. ВАЗ 2114 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі түрлі деңгейдегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Lexus көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарауынан кейін үйіне жіберілді", - деді полицейлер.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзғаны, жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалғаны үшін Қасым Байрамқұловқа іздеу жарияланады (12.06.1987 туылған, Павлодар тумасы).

"Белгілері: толық денелі, беті сопақша, шашы тік әрі қара түсті, көзі қоңыр, мұрны орташа. Қасым Байрамқұлов туралы қандайда бір ақпарат білетін азаматтар мына номерлерге хабарласа алады: 8(7172) 71-62-14, 71-61-94,  8-701-843-90-09", - деп жазылған хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай