Астанада аквариумистика бойынша халықаралық конференция өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

2025 жылғы 17-18 сәуірде Астанадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде Ailand океанариумының бастамасымен аквариумистика саласындағы Екінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жылғы 17-18 сәуірде Астанадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде Ailand океанариумының бастамасымен аквариумистика саласындағы Екінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Бұл айтулы шара теңіз гидробионттарын күтіп-ұстау және өсіру бағытында еңбек етіп жүрген жетекші ғалымдарды, океанариумдар өкілдерін, аквариумисттер мен салалық мамандарды бір алаңға жинайды.

Конференцияның негізгі спикерлерінің бірі – аквариумистика саласына зор үлес қосқан, Санкт-Петербург океанариумының жетекші маманы, биология ғылымдарының кандидаты, бас ихтиопатолог Олег Николаевич Юнчис. Ол ТМД елдерінде теңіз жануарларын күтіп-баптау мен бейімдеудің заманауи әдістерін алғаш қолданған мамандардың бірі. Көпжылдық тәжірибесі мен зерттеулерінің нәтижесінде акулалар сияқты күрделі балық түрлерін жасанды ортада диагностикалау мен емдеудің тиімді тәсілдерін ойлап тапқан. Конференция барысында Олег Николаевич акулаларды океанариумдарда емдеу туралы баяндама жасайды, сонымен қатар өзінің зерттеулері мен практикалық ұсыныстарымен бөліседі.

"Ailand Astana" ЖШС директоры – Маханов Арман Шихабадинович

Конференцияға түрлі елдерден, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Индонезия және басқа мемлекеттерден ірі океанариумдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері келеді. Олардың қатарында: Санкт-Петербург океанариумы, Москвариум, Приморск, Крокус-Сити, Сочи, Воронеж және Пенза океанариумдары, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Байкал мұражайы, Дүниежүзілік мұхит мұражайы бар. Олар аквамәдениет, балықтардың жасанды өсімі және теңіз жануарларын ұстау саласындағы соңғы зерттеулермен бөліседі.

ТМД аумағындағы балық аурулары саласындағы жетекші маман – Юнчис Олег Николаевич

"Ailand" океанариумы медузалар мен түрлі гидробионттарды өсіру тәжірибесін таныстырады. Сонымен қатар, түрлі климаттан әкелінген балықтарды тасымалдау, бейімдеу және экожүйені сақтаудағы қиындықтар талқыланады.

Ailand – Гиннестің рекордтар кітабына енген, теңізден ең шалғай орналасқан (3000 км) әлемдегі жалғыз океанариум. Сирек және экзотикалық түрлерді тасымалдау мен бейімдеуде мұндағы ихтиопатологтар тобы үлкен тәжірибе жинаған. Мұнда акулалар, теңіз тасбақалары, пиранья-паку, каранкстар мен сом балықтары мекендейді.

Елордадағы "Ailand" океанариумының өкілдері

Бүгінде Астана океанариумы жыл сайын әлемнің 35 елінен 1 000 000 астам келушілерді тартатын Қазақстанның негізгі туристік орындарының бірі. Ғылыми жұмыстың және гидробионттардың коллекциясын үнемі кеңейтудің арқасында ол теңіз биологиясы мен аквариумистиканы танымал етудің маңызды орталығы болып қала береді.

Аквариумистика саласындағы Екінші халықаралық конференция сияқты ауқымды шараның өткізілуі Астананың су экожүйесін зерттеу саласындағы ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте биіктетті. Дөңгелек үстел әлемдегі океанариумдар мен аквариум кешендерін дамыту саласында тәжірибе алмасу және стратегияларды әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналады.

Tengrinews
Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer