09 тамыз 2016 13:30

Астанада алданып қалған үлескерлер Абай ескерткішінің көлеңкесінде кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың алданып қалған үлескерлері қала әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан Абай ескерткішінің көлеңкесінде кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астананың алданып қалған үлескерлері қала әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан Абай ескерткішінің көлеңкесінде кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жиналғандардың ешқайсысы наразылық білдіруге немесе бұзақылық жасауға әрекеттенген жоқ. Үлескерлер байыппен ғана тілшілермен және әкімдік өкілдерімен кездесті.  

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері үлескерлер тобының бірнеше өкілімен әкімдікке кіріп, келіссөз жүргізуге шақырды. Осыдан кейін үлескерлер дереу әкімдікке кірді.  

Ал осы уақытта сыртта қалған азаматтар Бас прокуратураға жіберілетін хатқа қол қойып жатты. 

Олар тілшілерге "Баспан-Көктал" ТҚК-де тұратынын айтты. Мұндағы тұрғындардың саны 430-дан аса отбасы екен. 

Олар Көктал ауылының оңтүстік-шығысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескері екенін айтты. Олардың ішінде үйі тұрғызылып қойғандар да бар, пәтерге тек қағаз жүзінде иелік ететіндері бар - нысандар сол күйі салынбай қалған. 

Азаматтар тұрғын үйлерін проблемалық деп тануды, сонымен қатар, тұрғын үйді салып бітіруге мемлекеттің қолғабыс етуін сұрап отыр. 

Мұнымен бірге, үлескерлер мердігер "Орал-Дизайн-стройсервис" ЖШС-ны жазалауды талап етті. Азаматтар компания басшылығын 927 миллион теңге сомасында мемлекет қаражатын жымқырды, бір пәтерді екі мәрте сатты (12 дерек), жоқ үйлердегі пәтерлерді сатты (210 отбасы зардап шеккен), тіркеу чек бермеді (осылайша инвестициялаудың жасалған 900 келісімшарты), кіріс касса ордерлері мен тексеріс актілерін бермеді (басым бөлігі 2011 жылы пәтер сатып алған 300 отбасы зардап шеккен), екі реттік сатумен инвестициялау келісімшарттарын бұзды және бір жақты тәртіпте бұзды деп есептейді. 

Үлескерлер "Орал-Дизайн-стройсервис" ЖШС-ны лицензиядан айыруды талап етіп отыр. 

Әкімдіктегілердің айтуынша, қазіргі уақытта Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун үлескерлер тобымен кездесу өткізіп жатыр. 

Осыған дейін Сергей Хорошун "Орал дизайн стройсервис" ЖШС және басқа компаниялардың басшылығына қатысты алаяқтық және бөтеннің мүлкін иемдену деректері бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлаған болатын. Ол тұрғындарды сақ болуға және күмәнді құрылыс компанияларымен азаматтық-құқықтық қатынасқа түспеуге шақырған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети