17 қараша 2022 19:53

Астанада ашылатын жаңа қоғамдық кеңістіктер туралы бас жоспарда айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қоғамдық кеңістіктер мен абаттандырылған аумақтар ашылады. Елорданың Бас жоспарында қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа тартымды орындар туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада қоғамдық кеңістіктер мен абаттандырылған аумақтар ашылады. Елорданың Бас жоспарында қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа тартымды орындар туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2035 жылға дейінгі Астананың бас жоспарының жобасы талқыланып жатыр. Оған тұрғындар да қытысып жатқаны айтылды.

Мәселен 2023 жылы Үркер (Ильинка), Телман елді мекендерінде, Айтматов көшесі аумағында, Тәшенов пен Хусейн көшелерінің қиылысында, Абай даңғылында гүлзарларды абаттандыру жоспарланып отыр. Сол сияқты Абылайхан даңғылының бойында, Күйші Дина көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта, Жүргенов көшесі, 28/1, Қошқарбаев көшесі, 45, Қордай және Тайқазан көшелерінің қиылысында, К.Әзірбаев көшесі, 10-14 және т.б. мекенжайларда аллея болады.

Кейінгі жылдары Астанада жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылып жатыр.

Сонымен қатар Үлкен және Кіші Талдыкөл бойында экопарктер салынады. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, Үлкен және Кіші Талдыкөл су балансын сақтап әрі толықтыра отырып, рекреациялық аймақ салуды көздейді. Су айдындары салынады, олар сумен қамтамасыз етіледі. Бұл судың тепе-теңдігін сақтауға және судың табиғи түрде сүзілуін жасауға, экожүйенің биоәртүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Кіші Талдыкөл ауданында саябақтың рельефін құру және ағаш отырғызу үшін аумақты дайындау жұмысы басталған болатын. Сол сияқты Үлкен Талдыкөл маңында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Кейінгң жылдардың өзінде Астанада 900-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мәселен биыл Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, "Встреча" сауда үйі жанындағы қоғамдық кеңістік, "Бейбітшілік және келісім" саябағы, қалалық алаң және т.б. салынған.

Астананың Бас жоспарының жобасы талқылау кезеңінде тұр. Қаланың Бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында "Астана бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС ғимаратында, Астана қаласы, Мамбетов көшесі, 22, көрме залы мекенжайында өтеді.

Суреттер: Александр Куприенко

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети