2019 жылы 10 наурызда Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Серікжан Біләшті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы 10 наурызда Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Серікжан Біләшті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ер адам "әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады" деген күдікке ілінген.
"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды", - деді ведомство өкілдері.
Серікжан Біләш - тіркелмеген "Атажұрт" қозғалысының құрылтайшысы, қозғалыстың мақсаты - Қытайдағы этникалық қазақтардың құқығын қорғау.