"Жиһадқа шақырған". Серікжан Біләштің ұсталуының мән-жайы анықталды

12 Наурыз, 09:54
0
"Жиһадқа шақырған". Серікжан Біләштің ұсталуының мән-жайы анықталды - © Серікжан Біләш. qazaquni.kz
© Серікжан Біләш. qazaquni.kz

Астанада "Атажұрт" қозғалысының лидері Қазақстан азаматы Серікжан Біләштің неліктен ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі.

11 наурызда Астана прокуратурасының ресми сайтында Серікжан Біләштің 2019 жылдың 8 ақпанында жасаған ресми мәлімдемелері оның ұсталуына себеп болғаны жазылған. Ол Алматы қаласында қаза болғандарды еске алу шарасында "жиһадқа шақырып", этникалық қытайлықтарға қарсы күресуге үндеген.

Астана полицияcы департаменті 2019 жылдың 21 ақпанында жергілікті тұрғынның арызын қабылдап, Серікжан Біләшқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Серікжан Біләштің мәлімдемесінде ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталғаны 2019 жылдың 5 наурызында жасалған № 499 саяси сараптама нәтижесінде дәлелденген. Онда әлеуметтік желілерден алынған видеожазбалар, куәгерлердің жауаптары және басқа да материалдар бар. Күдіктіге қолданылған шаралардың барлығы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қылмыстық-процессуалдық заңға сүйене отырып жасалды", - делінген ведомствоның сайтында.

2019 жылдың 11 наурызында Астананың мамандырылған ауданаралық тергеу соты Серікжан Біләшті үй қамауына алу туралы бұлтартпа шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. 

Серікжан Біләш - тіркелмеген "Атажұрт" қозғалысының құрылтайшысы, қозғалыстың мақсаты - Қытайдағы этникалық қазақтардың құқығын қорғау. Қозғалыстың мүшелері Алматыда оның көшбасшысы ұсталғанын мәлімдеген. Серікжан Біләштің заңды қорғаушысы ретінде Айман Омарова өз кандидатурасын ұсынған. Осы жағдайға байланысты заңгер Астанаға жол тартқан. Бірақ оның айтуынша, оны Біләшпен көрісуге жібермей, оған мемлекеттік қорғаушы тағайындалған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай