Астанада автобус өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус өртеніп кетті Астанада жанып кеткен автобус. ©instagram.com/V.mcfire

Астанада автобус өртеніп кетті, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус өртеніп кетті, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Уәлиханов пен Бараев көшелеренің қиылысында Autosan маркалы автобусының жанып жатқаны туралы хабар 18 ақпанда сағат 19.52-де түсті. Қозғалтқыш бөлігі мен жолаушылар салоны өртенді. Өртсөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Мамандар келгеннен кейін өрт 8 минуттың ішінде толық ауыздықталды. Өртсөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Аягөз Фазылова. 

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрттің алдын ала себебі: электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуы.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын Астанада тұрғын үй ауласында тағы екі автокөлік жанып кеткен еді: Daewoo Nexia мен оның жанында орналасқан Toyota Land Cruiser.

Бұған дейін, өткен жылы 1 желтоқсанда "Сарыарқа" велотрегінің жанында дәл осы себеппен автобус жанып кеткен болатын. Астана ІІД хабарлауынша, велотрекке ол автобуспен Тұңғыш Президент күніне арналған шараларға студенттер жеткізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети