08 қаңтар 2015 16:55

Астанада автокреслоларды қалай бекіту керек екені түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mygazeta.com ©mygazeta.com

Астанада автокреслоларды қалай бекіту керек екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада автокреслоларды қалай бекіту керек екені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері осы жылдың 7 қаңтарында "Жол қозғалысы туралы" заңның күшіне енгенін еске салды. Атап айтқанда, балаларды автокөлікпен тасымалдауға байланысты 22-тарау ("Жолаушыларды тасымалдау") жайлы айтылды. Бұл норма 12 жасқа дейінгі балаларды көлік құралының құрылымында қарастырылған қауіпсіздік белбеуі арқылы бекітуге мүмкіндік беретін балалар үшін арнайы жасалған құралдарсыз немесе сол сияқты өзге құралдарсыз балаларды алып жүруге тыйым салады, сонымен қатар, автокөліктің алдыңғы орындығында балаларға арналған арнайы бекітіп тұратын құрылғысыз тасымалдауға тыйым салады. 

"Баланы автокөлік салонында бекітіп ұстайтын автокреслолармен қатар автолюлькалар мен жастық-бустерлерді де қолдануға болады, себебі осы айтылғандар да "балаларға арналған бекітуші құрал" саналады, мұнымен бірге, баланы қауіпсіздік белбеуі арқылы бекітетін өзге де құралдарды да пайдалануға болады", - делінген хабарламада. Астана ІІД баспасөз қызметі хабарламасында 0-12 жас аралығындағы балаларға қандай бекіту құралдарын пайдалануға болатыны жайлы толық мәлімет берді.

Көрсетілген стандарттарға сәйкес, бекітетін құрылғылар 4 топқа бөлінеді. "0" тобы (автобесіктер немесе автолюлькалар). Баланың жасы - туғаннан бастап алты айға дейін. Баланың салмағы 10 келіден аз болуы керек. Кресло автокөліктің жүру бағытына қырымен отырады.

0+ тобы (балаларға арналған автокреслолар). Баланың жасы - туғаннан бастап бір жылға дейін, салмағы 13 келіден аспайды. Бекітілуі - автокөліктің жүру бағытына қарсы қойылуы керек. 

І тобы (балаларға арналған автокреслолар). Баланың жасы 9 айдан 4 жасқа дейін. Жолаушының салмағы - 9-18 келі аралығында. Бекіту тәсілі - көлік құралының бағыттас ("0-1" топтарындағы автокреслолардың екі түрлі бекітілу жолы бар: бағытқа қарсы және бағыттас).

ІІ тобы (балаларға арналған автокреслолар және балаларға арналған орындықтар). Жолаушы жасы - 3-7. Салмағы - 15-25 келі аралығында. Бекіту тәсілі - көлік жүрісімен бағыттас.

ІІІ тобы (балаларға арналған автокреслолар және балаларға арналған орындықтар). Баланың жасы - 6-12 жас. Салмағы - 22-36 келі. Бекітілуі - көлік жүрісімен бағыттас.

Бустер (Booster) орындығында баланың жасы 15 келіден жоғары салмақтан басталады және арнайы төсемі болады (4-6 жастағы балалар үшін). Оның "кресло-төсеме" деген де аты бар. Ал 9-дан 36 келіге дейінгі балаларға арналған кейібір креслолардың арқасын алып тастап, қарапайым бустерге айналдыруға болады. 

Балаларға арналған бекіту құралдары, бекіту тәсіліне байланысты төрт категорияға бөлінеді: әмбебап - алдыңғы және артқы орындыққа қойылып, тек ересек адамдарға арналған қауіпсіздік белбеуімен бекітіледі. Шектелген түрі белгілі бір орындықтарға қондырылады, яғни кейбір автомобиль түрлерінде ғана қарастырылған орындықтарға бекітіледі. Жартылай әмбебап - төменгі және қосымша бекіту құралдары арқылы қондырылады. Ерекше - автомобилді өндірушінің арнайы қарастырған бекітілетін құралдары арқылы ғана қондырылады. Автокресло сатып алу кезінде автокөлікте қандай бекіту құралдары бар екенін міндетті түрде білу керек. 

"Үлкендерге пайдасы бар қауіпсіздік жастығы балаларға, керісінше, қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе шешесі нәрестесін көз алдында болуы үшін алдыңғы орындыққа отырғызып қойса, оның салдары ауыр болады. Заң мен қауіпсіздік стандарттарында баланы алдыңғы орындыққа орнатылған бекіту құралы арқылы отырғызуға мүмкіндік береді, бірақ бұл кезде баланың алдындағы қауіпсіздік жастығын өшіру керек. Егер өшірмесе қауіпсіздік жастығы ашылып, бар күшімен баланың орындығына соғылады. Ал бала көліктің алдыңғы орындығының арқасына басымен соғылады. Үлкен топтардағы креслоларды алдыңғы орындықтарға да орнатуға болады, бірақ бұл жағдайда алдыңғы орындықты мүмкіндігінше артқа қарай жылжыту керек", - делінген хабарламада.

Автокөліктің артқы шеткі орындықтарында изофикс (Isofix) бекіту құралдары бар. Премиум-класстағы автомобильдерде алдыңғы орындықтары да бекіту құралдарымен жабдықталған болуы мүмкін. Тек салоны кең автокөліктерде ғана (минивэндер мен жол талғамайтын көліктер) артқы үш орындық бекіту құралдарымен жабдықталуы мүмкін. Изофикс - бұл автокөлік кузовында балаларға арналған орындықтардың бекітуге арналған әмбебап стандарты. Ол тек балалар ішкі қауіпсіздік белбеуін тағатын 0+ және І топтарындағы креслоларға пайдаланылады. Изофикс автокреслоны қондыруда қателік болмауы үшін жасалған. Мұндай орындықтарда тасымалданатын баланың салмағы 18 келіден аспауы керек.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабына сәйкес, осы талаптарды орындамағандарға 9 910 теңге (5 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу қарастырылған, егер бір жыл ішінде заңды екінші мәрте бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда такси қызметінің автокөліктерінде де балаларды тасымалдау үшін автокресло орнатылуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети