26 қазан 2022 14:38

Астанада автотұрақтар ақысын кейін төлеу функциясы іске қосылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС Фото: "Астананың тұрақ кеңістігі" ЖШС

Астанада ақылы автотұрақтарды кейін төлеу функциясы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.


Астанада ақылы автотұрақтарды кейін төлеу функциясы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Жаңа мүмкіндік автокөлік иелері үшін қазірдің өзінде "Парковки Астаны" мобильді қосымшасында және astanapark.kz сайтындағы жеке кабинетте қолжетімді.

"Біз пайдаланушылардың кері байланысын есепке алдық. Енді көлік тұрағын күні бойы төлеуге болады. Ақы төлеу кезінде тұрақ аймағының нөмірін, тұрақ сессиясының басталуы мен ұзақтығын көрсету, техникалық паспортқа сәйкес автомобильдің мемлекеттік нөмірін дұрыс енгізу қажет. Төлем сол күні сағат 23:59-ға дейін жүргізілсе, айыппұл түспейді", - деп "Парковочное пространство Астаны" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Автотұрақтарды пайдалануды үнемдеу үшін абонементтер қолданылады. Абонемент иелері қала бойынша барлық ақылы аймақтарда көліктерін ақылы тұраққа қоя алады, тіркеу жүйесі төлемнің болуын автоматты түрде анықтайды. Жеңілдігі бар санаттағы азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар тұлғалар үшін тұрақ тегін.

"Ақылы автотұрақтар әкімдіктің бекітілген ережелеріне сәйкес жұмыс істейді. Ақылы автотұрақтар Астана қаласының меншігінде. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзған азаматтар үшін айыппұл 3 АЕК (9 540 теңге)", - делінген хабарламада.

Демалыс және мереке күндері автотұрақтар тегін. Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети