22 қазан 2022 16:28

Астанада аяусыз соққыға жығылған әйелдің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада күйеуі соққыға жыққан Аружан Байметованың әкесі қызының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада күйеуі соққыға жыққан Аружан Байметованың әкесі қызының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2022 жылдың наурызында елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтісінде болған. Ер адам әйелінің жағасынан ұстап, теуіп, оның ішінен, кеуде тұсынан ұра бастаған. Оқиға видеоға түсіп қалған.

7 айдан кейін соттағы алғашқы кездесуге қыздың әкесі келді. Данияр Әбдірбеков бірнеше сұраққа жауап беруге келісті. Оның айтуынша, Аружан психологиялық және физикалық денсаулығын біртіндеп қалпына келтірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz)

"Оқиғадан кейін, келесі күні Астанаға ұшып барып, қызымды екі немереммен Шымкентке алып кеттім. Қазір ол бізбен бірге, ата-анасының үйінде тұрады. Осы уақыт ішінде ол денсаулығын нығайтып, бала тәрбиесімен айналысты (...)", – дейді Әбдірбеков.

Оның айтуынша, Аружан психологпен ұзақ уақыт жұмыс істеген. Сонымен қатар, мамандар жәбірленушінің кәмелетке толмаған екі баласымен де жұмыс істеген.

"Балалар әкесі қатыгездік танытқан отбасылық жанжалдың куәсі болды. Бұның белгілі бір салдары болды. Кіші немерем әлі күнге толық сауығып кеткен жоқ, ол екі жастан асқан, бірақ әлі сөйлемейді", – дейді Аружанның әкесі.

Әбдірбековтің айтуынша, лифтідегі оқиғадан кейін бұрынғы жұбайының ата-анасы да, өзі де ұзақ уақыт байланысқа шықпаған.   

"Бүгінгі сот отырысымен аяқталады деп ойламаймын. Қылмыстық істің материалдары зерттеліп жатыр. Отбасы болған кезінде қызыма қарсы зорлық-зомбылықтар туралы айтылды. Бұл оған жүйелі зорлық-зомбылық жасалғанын куәландырады", - деп қосты Данияр Әбдірбеков.

Айта кетейік, Астананың Есіл аудандық сотында оқиғаға қатысты ашық тыңдау басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети