28 желтоқсан 2018 16:00

Астанада аязда оқушыны автобустан түсіріп кеткен: Оқушының анасы шағымын қайтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана LRT" өкілдері Facebook желісінде кондуктордың баланы аязда автобустан түсіріп кеткені туралы әйелдің шағымынан кейін жүргізілген ішкі тексер шараларының қорытындысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Астана LRT" өкілдері Facebook желісінде кондуктордың баланы аязда автобустан түсіріп кеткені туралы әйелдің шағымынан кейін жүргізілген ішкі тексер шараларының қорытындысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін, Астана тұрғыны Facebook желісіндегі "Астана - Что?Где?Когда?" тобында таяуда ұлының көлік картасында қаражат жеткіліксіз болуына байланысты автобустан түсірілгені туралы шағым білдірді. 

"Он жастағы ұлым Ақжайық ықшамауданында №102 автобусқа мініп, Министрлер үйіне бара жатқан. Валидация кезінде оның картасында қаражат жеткіліксіз екені анықталған. Картадағы қаражаттың қайда кеткені бөлек мәселе, мен оның да түбіне жетемін. (...) Қазіргі уақытта мені мына мәселе мазалайды: 20 градустық аязда 4-сынып оқушысын автобустан түсіріп кеткен кондуктордың не ойлағаны бар?", - деп жазды Айша Мұқашева. 


Facebook желісіндегі жазбадан үзінді

25 желтоқсанда әйел жазба қалдырған, алайда сол күні тексеру шараларын бастауға мүмкіндік болмаған, себебі шағымның мерзімі дұрыс көрсетілмеген. 

"Кешкі уақытта жазбаның авторы байланысқа шығып "Астана LRT" өкілдерінің сұрақтарына жауап берген. Автобуста кондуктор болмағаны белгілі болды. Бала "Қарлығаш балабақшасы" аялдамасынан отырып, "Қаржы орталығы" аялдамасынан түсіп қалған, осыдан кейін ол жылытылған аялдама кешеніне кіріп, анасына қоырау шалған", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Астана LRT" мамандары уақыт дәлізі бойынша автобустарды тексеріп, сонымен қатар, бейнебақылау камералары арқылы бала отырған автобусты тапқан. 

"Осы автобустың жүргізушісі көлік департаменті басқармасына шақырылды. Ол баламен жанжалдаспағанын айтты. Жазбаның авторы балаға қысым көрсетілмегенін және дөрекі сөйлеу дерегі жоғын анықтады", - деді компания өкілдері. 


Автобус жүргізушісінің түсіндірмесі

Кейінірек шағымданушы әйел осы жазбасы арқылы қоғамның осындай оқиғаларға назар аударуын қалағанын айтып, "Астана LRT" өкілдері осы жағдайға қатысты қандай шара қолданғанын білгісі келетіні туралы жазған. "Астана LRT" өкілдері қыс басталмай жатып, оқушылар мен балаларды аязда автобустан түсіріп кетпеу туралы жарлық барын түсіндірді. 

"Баланың көлік картасынан ақша алынбаған. Оқиға болған сәтте баланың картасында 40 теңге болған, бұл төлем жасау үшін жеткіліксіз. Тексеру нәтижесі бойынша, Астана тұрғыны "Астана LRT" жүргізушісіне қатысты шағымын қайтып алатынын жеткізді. Содан кейін, олар бірге суретке түсіп, тексеру нәтижесі туралы видео арқылы түсіндірді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осы дерек расталмаған күннің өзінде де барлық автопарктерде қосымша инструктаж жүргізілді. Жүргізушілер мен көмекшілер баланың картасын жазып алып, автопарк басшылығына жіберу міндетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети